НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан — Sputnik. Шығыс Қазақстанда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 13 ақпан күні кешкі 16.30 шамасында Глубокое ауданында Өскемен-Риддер жолының 34-шақырымында болған.
Апат салдарынан "Datsun" көлігінің 36 жастағы жүргізушісі және 29 жастағы жолаушы әйел сол жерде қайтыс болды.
Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі күні сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.