НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Ресей Қарулы күштері оқу-жаттығуларының бір бөлігі жақын арада аяқталады, деп хабарлады РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу.
"Оқу-жаттығулар өтіп жатыр, олардың кейбірі аяқталды, тағы бір бөлігі аяқталып келеді, сіздің желтоқсанда берген тапсырмаларыңыздың негізінде жоспарланған шешімдердің ауқымын ескерсек, әлі атқаратын шаруа көп", - деді ол дүйсенбіде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде.
Бүгінгі таңда Ресей қарулы күштерінің негізгі жаттығуларының бірі Беларусь-Ресей бірлескен "Одақтастар табандылығы"-2022" маневрлері болып есептеледі, деп жазды РИА Новости.
Олар 20 ақпанға дейін созылатын Одақтас мемлекеттің жауап қайтару күштерін тексерудің екінші кезеңіөтіп жатқанын білдіреді. Оқу-жаттығулардың мақсаты – сыртқы агрессия мен лаңкестік әрекеттерге тойтарыс беруді пысықтау.