Бұл таңғажайып кадрды қазақстандық блогер дронмен жоғарыдан түсірген. Қызғылт қоқиқаздардың алғашқы тобы ұзақ қыстан кейін Қазақстанға оралып жатыр.
Видеода құстардың көл бетінде ұшып бара жатқан сәті түсірілген. Содан кейін қоқиқаздар су айдынына қонып, көлдің саяз жерінде топтасып жүргенін көруге болады.
Автордың айтуынша, құстарға жақындау мүмкін емес, өйткені көлде табиғаттың таңғажайып сұлу жаратылысын бақылауға мүмкіндік беретін инфрақұрылым да, тамашалау алаңдары да жоқ.
"Қаракөл көлі Маңғыстаудағы ерекше орын, ниет болса, Дубайдағы Рас әл-Хор қорығының үлгісімен орнитологияның орталығына айналдыруға болар еді", - деп есептейді блогер.
Ол сондай-ақ қоқиқаздарды дыбысы естілмейтін және құстарды қорқытпайтын шағын дронмен түсіргенінатап өтті.