Бейжің Олимпиадасы

Қазақстандық спортшы Олимпиданың финалына шықты

Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Қазақстандық спортшы Ақмаржан Қалмырзаева фристайл-акробатикадан Бейжің Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Ақмаржан іріктеу кезеңінде 98.68 ұпай жинап, көш бастады. Ал финалда үздік 12 спортшымен жарысады.
Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Өкінішке қарай, команда үздігі Жанбота Алдабергенова іріктеу кезеңінен өте алмады.
Айта кетері, бұған Абзал Әжіғалиев шорт-тректен финалға шыққан. Бірақ төртінші орынға ие болды.