Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол жабылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Республикалық жолдарда ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "Қазавтожол".
Атап айтқанда, Ақмола облысында мына жолдар жабық:
"Екатеринбург-Алматы" автожолының 997-856 шақырымы (Атбасар қаласынан облыс шекарасына дейінгі учаске);
Жақсы-Есіл-Бұзұлық автожолының 0-63 шақырымы (Жақсы ауылынан Есіл қаласына дейінгі учаске).
Қостанай облысында "Жезқазған-Петропавл" тасжолының 252-340 шақырымында көлік қозғалысы тоқтатылды (Қарағанды ​​облысы шекарасы – Арқалық қаласы учаскесі).
Қарағанды ​​облысында республикалық маңызы бар "Жезқазған-Петропавл" тасжолының 252-377 шақырымында шектеу енгізілді.
12-13 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Қазіргі уақытта еліміздің басым аумағында бұрқасындатып, көктайғақ болып, қар жауып жатыр.
Осы ретте ведомство жүргізушілерден жолда аса сақ болуға шақырды.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда жүргізушілер мен жолаушылар тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласуы керек.
Желтоқсан айының басынан бері "жолшылар" 267-ден астам автокөлік иесі мен жолаушыға көмек көрсетті. 600-ден астам адам жылыну пункттеріне орналастырылды.
Қыс мезгілінде 1403 байланыс орталығына 19 мыңға жуық адам хабарласқан.
Өңірлер
Елдің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды