Аңдатпа

Қазақстанда 15 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

Sputnik Қазақстан 15 ақпанда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
Sputnik

15 ақпанға жоспарланған іс-шаралар

09:00 - Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде – Мемлекет басшысының 2022 жылдың 8 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру шаралары.
Жиын primeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі. Қосымша ақпарат алу үшін: 8 (7172) 75 00 10, 8 (7172) 74 58 64 телефон нөмірі немесе press.kpm@mail.ru

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - "Женитьба" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).
19.00 - "Қанаттылар" спектаклі ("Жастар" театры, І.Есенберлин көшесі, 10).

АЛМАТЫ

11.30 - Балалар онкологиясы орталығында Қатерлі ісікке шалдыққан балалардың күніне арналған іс-шара өтеді. Іс-шараға Денсаулық министрлігінің штаттан тыс бас онкологы, дәрігерлер, балалар және олардың ата-аналары, сондай-ақ кішкентай пациенттердің тілектерін орындайтын "Менің арманым" қорының қызметкерлері қатысады. Мекен-жайы: Шагабутдинов көшесі, 148 (Құрманғазы көшесінің қиылысы).
12.00 - Қазақстан баспасөз клубында "Қаңтар оқиғаларын қоғамдық тергеу бойынша "Ақиқат" комиссиясының жұмысы туралы" тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Кездесуде Алматыдағы қаңтар айындағы оқиғалардың кейбір материалдары (видео) жарияланып, көрсетілетін болады. Спикерлер: Айман Омарова, комиссия жетекшісі, құқық қорғаушы, адвокат; Сәкен Махышев, комиссия мүшесі, адвокат, АОК төрағасы; Ләззат Рақышева, комиссия мүшесі, "Human Rights Lawyers" ҚҚ президенті; Бибігүл Дәулетбекқызы, комиссия мүшесі, журналист; Кәмшат Шынтекова, комиссия мүшесі, заңгер; Гүлайым Сыдықова, комиссия мүшесі, адвокат.
Аккредитация: Әсел Берімжарова 8 701 749 02 00 (Самал-2 ықшам ауданы, 58 үй, "Сәтті", бірінші кіреберіс, 2 қабат)
Қазақстан баспасөз клубының Facebook парақшасынан онлайн көруге болады.
14.00 - " АлматыМетроҚұрылыс "АҚ директорлар кеңесінің төрағасына қатысты резонанстық қылмыстық іс қалай аяқталды?" тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: Қайрат Реимов, "АлматыМетроҚұрылыс" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; Бауыржан Бибатыров, адвокат; Гаухар Сәлімбаева, адвокат. Аккредиттеу мәселелері бойынша Әсел Берімжароваға 8 701 749 02 00 телефоны бойынша хабарласуға болады (Самал-2 ықшам ауданы, 58 үй, "Сәтті", бірінші кіреберіс, 2 қабат).
18.30 - "Қызыл орамалды шынарым" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).
18.30 - " Қошқасқым келмейді..." спектаклі (Әуезов атындағы драма театры, Абай даңғылы, 103).
19.00 - "Рудимент" спектаклі (ARTиШОК театры, Кіші зал, Қонаев көшесі, 49).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.