Бейжің Олимпиадасы

Бейжің Олимпиадасы: Ақмаржан Қалмырзаева финалда құлап қалды

Қалмырзаева секіру элементтерін орындағанда құлап қалды. Төрешілер 52.36 ұпай берді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Бейжің Олимпиадасының финалына шыққан Ақмаржан Қалмырзаева 11-ші орында жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін ол фристайл-акробатикадан іріктеу кезеңінде 98.68 ұпай жинап, бірден финалға шықты. Сөйтіп, 12 спортшының ішінде үздік нәтижені көрсетті. Алайда финалда осы жетістігін қайталай алмады.
Қалмырзаева секіру элементтерін орындағанда құлап қалды. Төрешілер 52.36 ұпай берді. Ал екінші мүмкіндігінде 71.23 ұпай жинады. Осылайша жалпы есепте 11-і орынға ие болды.
Айта кетері, бұған дейін Абзал Әжғалиев шорт-тректен финалға шыққан. Бірақ ақтық сында төртінші орынды иеленді.
Бейжің Олимпиадасы
Абзал Әжіғалиев үздік төрттікке енді