Оқиға

Нұр-Сұлтан маңында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза болды

Қаза болғандардың үшеуі де – елорда тұрғындары
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Елорда маңында жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмды.
Ақмола облысы полиция департаментінің ақпаратынша, жол апаты 13 ақпан күні Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Киевка автожолының 19 шақырымында болды.
37 жастағы елорда тұрғыны Jak автокөлігімен Қосшы қаласынан шығып, Абай көшесімен Нұр-Сұлтанға қарай кетіп бара жатқан. Қарсы бетте астанадан шығып, Қабанбай батыр ауылына бет алған "Лада Приора" жүргізушісі келе жатқан. Осы сәтте соңғысы рөлге ие бола алмай, Jak көлігімен соқтығысты.
Өңірлер
Павлодарда көшеде болған жол апатынан екі адам көз жұмды — видео
"Салдарынан "Лада Приора" жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында мерт болды. Үшеуі де – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Jak автокөлігінің жүргізушісі елорда ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.