Өңірлер

"Калашников" автоматын жерге көмген: 19 жастағы жігіттің жасырын қоймасы табылды

Ұсталған жігіт кінәсін мойындады, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны қару-жарақ салынған пакеттерді үйінің аумағындағы жерге көмген.
Полиция 19 жастағы күдіктіні ұстады.
"Пакеттердің ішінен бір "Калашников" автоматы, үш травматикалық газ тапаншасы, автоматтың 76 оғы мен тегіс ұңғылы аңшы қаруына арналған 26 оқ табылды", - деді өңірлік полиция департаменті.
Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Ұсталған жігіт кінәсін мойындады.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-тармағы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өңірлер
Алматыда мемлекеттік музей жанынан қару-жарақ арсеналы табылды – видео
Жамбыл облысының полиция департаменті қару-жарақтың орны жайлы хабар берген немесе оны өз еркімен полицияға тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салды. Адамдардың аты-жөні жария етілмейді.