НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Қазақстандық қос спортшы – Роман Барков пен Игорь Грачев – Әзербайжанда өтіп жатқан батуттағы гимнастика бойынша әлем кубогының финалына өтті.
Қазақстандық жеңіл атлеттердің жетістігі туралы Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
"Қазақстан спортшылары ақтық сынға өтті. Спортшылар синхронды секіруден жоғары нәтиже көрсетті. Роман Барков пен Игорь Грачев медаль үшін жарысқа түседі", - деп жазылған Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитетінің сайтындағы хабарламада.
Сонымен қатар, ҚР ҰОК Роман Барков, Данил Мусабаев және Ерлан Тасмағамбетов жартылай финалға өткенін хабарлады.