НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Әзірбайжан астанасы Бакуде батуттағы гимнастикадан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр.
"Синхронды секіруден екі спортшы жарыстың финалында өнер көрсетеді. Олар: Роман Барков пен Игорь Грачев", - делінген Olympic.kz сайтында.
Сондай-ақ, жеке секіру бағдарламасында Қазақстан сапынан Ерлан Тасмағамбетов, Роман Барков және Данил Мұсабаев жартылай финалда бақ сынайды.