ПАВЛОДАР, 13 ақпан – Sputnik. Павлодар облысы Тереңкөл ауданының полицейлері әкесінің көлігінің рөліне отырған мас жасөспірімді ұстады, деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Тереңкөл ауданы, Ивановка ауылында түнгі рейд кезінде патруль жасаған қызметкерлер "ВАЗ 21093" көлігін тоқтатты. Рөлде көлік жүргізу құқығы жоқ кәмелетке толмаған адам екені белгілі болды. Сондай-ақ, жасөспірім мас болып шықты", - деді Тереңкөл аудандық полиция бөлімінің бастығы Арман Кәрімов.
Кәмелетке толмағанға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 8-бөлігі бойынша ("жүргізушінің көлікті масаң күйде басқаруы, көлік тізгінін масаң күйдегі адамға беруі") әкімшілік іс қозғалды. Осы бап бойынша жасөспірімнің әкесіне 200 АЕК (612 600 теңге) айыппұл салынады.
Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, деп хабарлады құқық қорғау органдары.