Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте жүзден астам жол апаты болды

Елордалық полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолда сақ болу керектігін ескертті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Қалың қар жаууына байланысты полиция департаментінің патрульдік көлігі ілесе жүруімен, коммуналдық қызмет қар тазалау жұмыстарына жұмылдырды.
Өткен тәулікте елордада 114 жол апаты тіркеліп, салдарынан бір адамның зардап шеккені анықталды.
"Жүргізушілерді аса сақ болуға, белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, тежегішті аяқасты баспауға, қашықтықты сақтауға, сондай-ақ патрульдік полиция талаптарын орындауға шақырамыз. Сондай-ақ, көлікті жолдың жиегінде қалдырмауды және қар тазалайтын техникаға кедергі келтірмеуді сұраймыз", - деді Нұр-Сұлтан полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Шүпеков.
Көлікті көше бойына қойып, тазалау жұмыстарына кедергі келтіретін жүргізушілерге әкімшілік шара қолданылады. Авто эвакуацияланады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция қызметкерлері қызмет бабында балалар мен қарияларға жолдан өтуге көмектесіп жатыр.
Қоғам
Көлік жүргізушілері үшін жағымды жаңалық жарияланды