Денсаулық

Коронавирусқа қарсы вакцина алған қазақстандықтар саны 9 млн-нан асты

Бір тәулік ішінде COVID жұқтырудың 1957 жаңа жағдайы тіркелді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 294 766 адам, 2 - ші компонентін 8 871 476 адам салдырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

"Pfizer" салдырғандар саны

І-ші компоненті: жасөспірімдер – 615 878, жүкті әйелдер – 28 817, бала емізетін әйелдер – 95 133.
ІІ-ші компоненті: жасөспірімдер – 369 586, жүкті әйелдер – 19 191, бала емізетін әйелдер – 60 028.
Айта кетері, елде бір тәулік ішінде COVID жұқтырудың 1957 жаңа жағдайы тіркелді.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан - 199
Алматы - 488
Шымкент - 19
Ақмола облысы - 128
Ақтөбе облысы- 29
Алматы облысы - 150
Атырау облысы - 24
Шығыс Қазақстан облысы - 96
Жамбыл облысы - 54
Батыс Қазақстан облысы - 48
Қарағанды облысы - 194
Қостанай облысы - 146
Қызылорда облысы - 16
Маңғыстау облысы - 9
Павлодар облысы - 166
Солтүстік Қазақстан облысы - 185
Түркістан облысы - 6
Пандемия басталғалы 1 289 909 адам ауырды.