.
НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан — Sputnik. Тәуелсіздік монументінің жанында жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқандарды еске алу ретінде ақ қағаз үстіне 227 алма орналастырылды.
Жоба авторы – Алматы тұрғыны Денис Стадничук.
Қала тұрғындары соның ішінде қариялар, балалар мен әйелдер қолдарына мерт болғандардың суреттерін ұстап, инсталляция жанында дұға жасады.
Қаңтардың басында Қазақстанда жаппай наразылық акциясы өтті. 2022 жылдың алғашқы күндерінде елдің батысындағы Жаңаөзен мен Ақтау қалаларының тұрғындары сұйылтылған газ бағасының екі есе қымбаттауына наразылық білдірді.
Кейіннен мұндай наразылық басқа қалаларда, соның ішінде Алматыда да өтіп, ол тонауға, бүлдіріп-жоюға ұласты. Содырлар мемлекеттік мекемелерге, уақытша ұстау изоляторларына, полиция ғимараттарына шабуыл жасап, қару-жарақ тонады.
ҰҚШҰ күштерін жұмылдыру нәтижесінде елдегі жағдайды тұрақтандырылды.