Қаңтар оқиғасы

Алматыда 5 қаңтарда алаңда қару таратқандар ұсталды - видео

Олар Алматы мен Алматы облысының тұрғыны, біреуі кәмелеттік жасқа толмаған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан - Sputnik. Алматыда жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан төрт азамат анықталды, олардың ішінде біреуі кәмелетке толмаған.
Күдіктілер 5 қаңтарда басқа бүлікшілермен бірге Lexus gs300 маркалы көлігімен қозғалып, "Анна" қару-жарақ дүкенін тонаған. Ұрланған қару сол автокөлікпен Республика алаңына жеткізіліп, тәртіпсіздіктерге қатысушыларға таратылған.
Сондай-ақ, Алматы мен Алматы облысының бес тұрғыны ұсталды. Олар 5 қаңтарда "Газельмен" тәртіпсіздіктерге қатысушыларға алдын ала дайындалған арматура таратты.
Кейін машиналарын басқа түске бояп тастаған. Сегіз адам қамауға алынды, кәмелетке толмаған бала ата-анасының кепілдігімен босатылды.
Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілердің жаппай тәртіпсіздік барысында басқа да қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.
Видео
Алматыда тәртіпсіздікке қатысқандарға арматура таратқандар ұсталды – видео