НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Алматы әкімінің орынбасары болып Арман Қырықбаев тағайындалды, делінген қала әкімдігінің ресми сайтында.
Алматы әкімінің жаңа орынбасары Арман Қырықбаев
© Photo : Пресс-служба Nur Otan
Бұған дейін әкімнің орынбасары Мақсат Қиқымов қызметінен кеткені хабарланған болатын.
Жаңа орынбасардың өмірбаяны
Арман Қырықбаев 45 жаста, Целиноград қаласының тумасы. Қазақ мемлекеттік басқару академиясында, сондай-ақ Қазақстан СІМ Дипломатиялық академиясында оқыды. Мамандығы бойынша халықаралық экономист.
Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде, Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді. 2005 жылы Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитетіне басшылық етті. 2010 жылдан 2012 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.