НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ Маңғыстау обылысында ереуілге шығып, жалақыны көтеруді талап еткен жолсеріктер жеке тасымалдаушы компанияда жұмыс істейтінін мәлімдеді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар "Жолаушылар тасымалы" АҚ қызметкерлері емес.
"Еңбекақыны көтеру туралы талап білдірген жолсеріктер жеке тасымалдаушы "Сарыарқа компани" ЖШС қызметкерлері. Бұл компания "Маңғыстау-Бейнеу" бағыты бойынша жүретін пойызға қызмет көрсетеді", - делінген хабарламада.
9 ақпанда "Маңғыстау-Бейнеу" бағытындағы поездың жолсеріктері наразылық акциясына шығып, басшылықтан жалақыларын 100 процентке көтеруді талап еткен болатын.
Олай болмаған жағдайда, жолсеріктер ел президентіне дейін шағымдануға дайын.