Өңірлер

Күн жылынады: синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Қазгидромет 12-14 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері республикада Солтүстік-батыс циклоны әсерінен ауа райы жауын-шашынды болады. Циклон батыстан шығысқа қарай тез ығысып, республиканың барлық облысына жауын-шашын әкеледі.
"Ауа температурасы көтеріле бастаса да, екпінді жел тұрып, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанып отыр. Көктем лебі әлі сезілмейді", - деп хабарлады Қазгидромет.
12 ақпанда ірі қалаларда ауа райы қандай болады
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап қар жауады. Түнде -15, күндіз -4 градус суық.
Алматыда күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Түнде +1, күндіз +3 градус жылы.
Шымкентте де күн бұлтты, қар аралас жаңбыр күтілуде. Түнде +9, күндіз 0 градус.