Өңірлер

Шымкентте мешітте ұрлық жасаған 29 жастағы жігіт ұсталды

Күдікті 29 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Шымкентте мешітте телефон ұрлады деген күдікпен 29 жастағы жігіт ұсталды.
Әл-Фараби ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол қаладағы мешіттердің бірінде күртешесіндегі "Samsung" ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтқан.
Әккі ұры айналасында ешкім болмағанын пайдаланып, келушілердің қалтасын тінтіп, қолына түскен ұялы телефонды алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі – 158 000 теңге.
Тәртіп сақшылары ұрлықты ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетті. Жақын аумақтар мұқият тексеріліп, бейнебақылау камералары жіті қаралды. Нәтижесінде небәрі бір тәулік ішінде ұрлық жасаған азамат анықталып, басқармаға жеткізілді. Ол 29 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қоғам
Алматыда ломбардтан ұрланған телефондар 17 жастағы жігіттен табылды