Саясат

Арасында 6 метрлік үстел: Путин мен Макрон кездесуі неге алыстан өтті

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Ресей мен Франция басшыларының кездесуі жайлы айтты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан - Sputnik. Ресей мен Франция президенттері 8 ақпанда Мәскеуде бір-бірінен тым алыс арақашықтықта кездесу өткізді. Журналистер үстелдің ұзындығы шамамен 6 метр екенін жазды.
Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, бұл кездейсоқ таңдалған үстел емес. Эммануэль Макрон Владимир Путинмен кездесу алдында ресейлік ПЦР тест тапсыруды қаламаған.

"Мен бұл мәселе туралы егжей-тегжейлі айтқым келмейді. Президентіміз бен қонақтарымыздың эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндер түрлі форматта әрекет ете алады", - деп жазады РИА Новости Песковқа сілтеме жасап.

Бұған дейін келіссөздердегі ерекше ұзын үстел әлеуметтік желілерде мемге айналған болатын. Жұрт үстелдің өлшеміне қатысты түрлі болжам айтты.
Айта кетері, 10 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин кездесуі кезінде ортада шағын үстел тұрды. Әріптестер арасындағы қашықтық да әлдеқайда аз болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі