НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2021 жылдың жазында малдың қырылу себебін анықтау және жем-шөп дайындау мәселесін реттеу үшін Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды.
Ведомство басшысы қуаңшылық кезінде қырылған малдың мәселесіне жеке тоқталды.
Оның айтуынша, биылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша:
ұсақ мал - 363,4 мың,
жылқы – 113,5 мың,
түйе - 82,2 мың,
ірі қара мал - 24,5 мың басты құрап отыр.
Соңғы жылдары өңірде жылқы малының өсуі байқалады, тек өткен жылдың тамыз айынан бастап олардың саны 24 627 басқа артты.
Алайда олардың арасында жергілікті жағдайға бейімделмеген, бұрын Батыс Қазақстан, Ақмола және басқа облыстардан әкелінген тұқымдардың бар екені анықталды.
Мамандардың пікірінше, аймақтың жайылымдық ерекшелігі ірі қара мен жылқы шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бермейді.
Өңірдегі барлық малдың 40% шаруа қожалықтарына тиесілі. Сондықтан вдеомство басшысының пікірінше, мал азығын дайындауға фермерлер асқан жауапкершілікпен қарауға тиіс.
Министрдің пікірінше, жергілікті атқарушы органдар мен шаруалар жаңа механизмдерді әзірлеп, жазғы кезеңде мал азығымен қамтамасыз ету үшін қосымша мүмкіндіктерді қарастыруы керек. Оның ішінде басқа өңірлердің әлеуетін пайдалану да бар.
Ведомство басшысы жем-шөппен қамтамасыз ету аудан әкімдерін міндеті екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мәселеде жергілікті билік өте енжар.