Экономика

Ақшаны қандай валютада сақтаған тиімді – Ұлттық банк есебі

Ұлттық банк ғимараты
2021 жылы бағалы металл құны бір грамм үшін 25 396,01 теңгеден 24 970,91 теңгеге дейін төмендеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Ұлттық банк 2021 жылда депозиттер мен салымдардың табысын жариялады. Мамандар алдымен 12 айлық депозиттерге талдау жасады.
Оған сәйкес, 2021 жылдың басында теңгелік депозиттердің ең жоғары кірісі 14 процентке дейін жеткен. Ал шетел валютасындағы депозиттердің тиімділігі 1 проценттен аспады.

"Қазақстандық компаниялардың акцияларына салынған қаражат та пайда әкелді. Былтыр осы салада ең жоғары 37,4 процент болған. Себебі тауар-шикізат нарықтары өсіп, компаниялардың табысы жоғарылады", - дейді банк мамандары.

Долларлық салымдардың кірісі 3,63 проценттің маңайында. Көрсеткіш теңгелік депозиттерден (14%) 3,9 есе аз болып тұр. Ал рубльмен сақталған ақша 3,15 проценттік кіріс әкелген. Алтынмен сақталған қаржы минусқа кетіп қалды. Кіріс (-)1,67% деңгейінде болды.
"Өйткені 2021 жылы бағалы металдың құны бір грамм үшін 25 396,01 теңгеден 24 970,91 теңгеге дейін төмендеді, керісінше, акциялар мен жылжымайтын мүлікке сұраныс өсті", - делінген ресми хабарламада.
Еуроға салынған ақша да теріс кіріс берді. Осылайша, депозиттерді теңгемен сақтаған тиімді болып тұр. Долларлық депозиттер екінші орында тұрса, рубльмен сақталған ақша екінші орында.
Экономика
Қандай жағдайда кредит кешіріледі – қаржы министрлігі түсіндірді