НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Ақ үйдің "Ресейдің Украинаға басып кіретін" күніне қатысты болжамы тағы өзгерді. Вашингтон алдымен қазанда, одан кейін желтоқсанда, біраз уақыттан соң ақпанда шабуыл жасалуы ықтимал деп мәлімдеме жасады. Енді олар Ресей танктерінің украин еліне аттануына қолайсыз ауа райы себеп болып отырғанын айтып жатыр, деп жазды РИА Новости.
Қоғамда Украинаға қарсы "ресейлік агрессиямен" қатар қыркүйектен бері Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) есептік мөлшерлемесін арттыру қажеттілігі де қызу талқыланып жатыр. Алайда бұл мәселенің көтерілгені туралы там-тұм ақпараттың өзі әлемдік индексті құлдыратып тастауы мүмкін. Сондықтан резерв төңірегіндегі шу мейлінше баяу үнмен талқыланып жатыр.
Федералды резерв жүйесін арттыру қажет екені жазда белгілі болды. АҚШ экономикасы пандемия кезінде айналымға шығарылған триллиондаған доллардан зардап шегіп жатыр. Мұндай қысылтаяң шақта бұған дейін ешкім мөлшерлемені ұлғайтқан емес. Доу – Джонс индексін құлдыратып жіберген биржа дағдарысынан кейін екі жыл да өтпеді.
ФРЖ мөлшерлемесі артатыны туралы жаңалыққа америкалық нарық қатты алаңдап отыр. Мысалы, бұрынғы Facebook, қазіргі Meta бір апта бұрын бірден 25 проценте төмендеп, әлі қалпына келген жоқ. Басқа жоғары технологиялық компаниялардың да жайы мәз емес.
"Мөлшерлеменің артуынан акциялар құлдырайды. Goldman Sachs банкі басшылығының федералды резерв осы жылы бес рет ұлғайтылатыны туралы болжамы нарықтағыларды тіпті үрейлендіріп отыр. Мұны жоққа шығаруға да болмайды. Өйткені 2005-2006 жылдары Федералды резерв басшысы Бен Бернанке инфляциямен күрес кезінде мөлшерлемені қатарынан он жеті рет көтерді", - деп жазылған материалда.
Мақала авторы соның салдарынан ипотека бойынша төлем ұлғайып, ақырында америкалықтардың оны төлеуге мүмкіндігі қалмай, бұл 2007-2008 жылдардағыдай дағдарысқа алып келгенін атап өтті. Америкалықтар тақырға отырып, өздеріне қол жұмсап жатқан шақта Goldman Sachs табысқа кенеліп жатыр.
"2020 жылдың көктемінде жаппай акция сатып алған америкалықтардың табысы бір сәтте-ақ ауаға айналатын түрі бар. Зейнетақы қорлары бұл ауыртпалыққа шыдас бермейтіні анық. Жылжымайтын нарықтағы ахуал да қиын. Елде жүйелі түрде кредит алып күнелтіп отырған фирмалар өте көп. Егер олар кезекті рет кредит ала алмаса, бүкіл елде жаппай банкрот жүріп өтеді. Бұл халық наразылығын тудырмай ма?", - деп жазды басылым.
Бұл сұрақтың нақты жауабы болмағандықтан, федералды резерв мәселесі нақты шешімін таппай, әлі созылып келе жатыр. Қыркүйекте басталған бұл талқылаулар Майкл Бьюриді өз портфелін түгел дерлік сатға итермеледі. Ол ең алдымен Tesla, Alphabet (Google) және Meta деп атауын өзгерткен Facebook акцияларынан құтылды. Бүгінде Бьюри портфелінен қалған екі процент медицина мен қорғаныс саласына салым жасап отыр.
Автордың пікірінше, осы жағдай мен Донбасс арасында байланыс бар. 2020 жылдың 9 наурызында нарықтың құлдырауынан солтүстікамерикалық және еуропалық акциялар арзандаған. Бизнес банкротқа ұшырап, адамдар қаражатсыз қалды, жаппай жұмыссыздық белең алды. Алайда банк иелері мен ІТ-корпорациялар бұл жағдай пандемия салдарынан болғанын мәлімдеді. Дегенмен бұл кезде тек Қытай өз шекарасын жапқан болатын. Ал басқа мемлекеттер локдаун енгізген жоқ.
"16 наурызда Федералды резерв қызметінің кезекті отырысы өтеді. Сол жиында есептік мөлшерлемені арттыруы мүмкін. Егер бұл нарықтың құлдырауына алып келсе, Безос пен Гейтс сынды олигархтар оған Ресейдің Украинаға басып кіруі себеп болғанын айтатыны анық", - дейді автор.
Оның болжауынша, наурыздың басында Украина шекарасында қасақана арандату әрекеті ұйымдастырылуы мүмкін. Ал қазір CNN "орыстың шабуылы нарықты құлатады" деген іспеттес ақпарат жариялап жатыр.