Оқиға

Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Автобус жүргізушісінің айтуынша, ер адам күтпеген жерден жолға жүгіріп шыққан
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 ақпан – Sputnik. Алматыда Лавренев көшесінде адам өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
220-бағдардағы автобус жүргізушісінің айтуынша, ол көшемен келе жатқанда жаяу жүргінші жолға жүгіріп шыққан, кейін неге екені белгісіз кері қайтуды ұйғарған.
Лавренев көшесінде автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Жүргізуші тоқтап үлгермей, ер адамды қағып өткен.
Марқұм шамамен 57 жаста екені белгілі болды.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.