Экономика

Қазақстандықтар көліктің VIP-нөмірін сатып алуға былтыр 6 млрд теңге жұмсады

Бұл 2020 жылы "ерекше" нөмірлерге жұмсалғаннан сомадан 2 миллиард теңгеге артық
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. Қазақстандық автокөлік иелері 2021 жылы "жоғары сұраныстағы", яғни VIP-нөмірлерге 5,8 миллиард теңге жұмсады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" хабарлады.
Қазақстандықтар өткен жылмен салыстырғанда "әдемі" нөмірлерді жиі сатып ала бастады. 2020 жылы жалпы сомасы 3,9 миллиард теңгеге 12 616 нөмір сатып алған.
Экономика
Утилизациялық алым өзгереді: сарапшылар көлік бағасына болжам жасады
"Азаматтарға арналған үкіметтің" мәліметінше, былтыр VIP-нөмірлерге ең көп қаражатты алматылықтар жұмсаған. Олар 2,2 миллиард теңгеге 6 882 нөмір сатып алды. Екінші орында Шымкенттің автоәуесқойлары – 818 миллион теңгеге 3 190 нөмір. Ал 667 миллион теңге - 2 231 нөмір көрсеткішіен үштікті астанада тұйықтайды.
VIP-нөмірлерге сұраныс ең аз өңір - Солтүстік Қазақстан облысы. Былтыр 45 миллион теңгеге жоғары сұраныстағы 169 нөмір ғана сатып алынған.
Айта кетері, VIP нөмірлердің құны нөмірлер мен әріптердің комбинациясына байланысты 174 591-ден 872 955 теңге шамасында. Мемлекеттік нөмір иесі оны үшінші тұлғаға бере алмайды және сата алмайды.
Автокөлік сатылған жағдайда иесі нөмірді жаңа автокөлік сатып алғанша мамандандырылған ХҚКО-да 6 айға дейін сақтауға қалдыра алады.
Мәдениет
Қазақстандық жұлдыздардың көлігіндегі VIP нөмірлердің бағасы қанша тұрады