Қоғам

Қазақстанда Ресейдің қай жоғары оқу орындарының филиалы ашылады

Тоқаев елде инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға сұраныс артқанып атап өтті
Sputnik
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің арасындағы үш сағатқа жалғасқан келіссөзде білім беру саласына айтарлықтай көңіл аударылды.
Екі елдің басшысы келіссөзден кейін БАҚ алдында мәлімдеме жасады. Тоқаев өз сөзінде Қазақстанда қай ресейлік жоғары оқу орнының филиалы ашылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тоқаев кездесуде білім саласындағы тақырыпты қозғауға елде инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға сұраныстың артуы себеп болғанын атап өтті.
"Келіссөздер барысында Владимир Владимировичке Қазақстанға ең танымал жоғары оқу орындарының, оның ішінде Ресей Федерациясының техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын жіберуге келіскені үшін ризашылығымды білдірдім. Менің ойымша, бұл біздің елімізде білім беруді дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Біз Қазақстандағы Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары филиалдарының желісін кеңейту жөніндегі келісімді қолдаймыз", - деді Тоқаев.
Президенттің хабарлауынша, Қазақстанда "МИФИ" ұлттық ядролық зерттеу университетінің, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің филиалдары ашылады.
"Бұл білім беру саласындағы өзара қолдаудағы өте маңызды прогресс деп санаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар бүгін Қазақстанның "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ мен Ресейдің "МИСиС" Ұлттық технологиялық зерттеу университеті" федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті" федералдық мемлекеттік автономды жоғары оқу орны, "Мәскеу физико-техникалық иниституты" федералдық мемлекеттік автономды жоғары білім беру мекемесі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.