АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Бейсенбі, 10 ақпанда Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында өнер көрсететін қазақстандықтар:
Әйелдер арасындағы шаңғы жарысы. Классикалық стиль бойынша Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина өнер көрсетеді.
Ойын сағат 13:00-де басталады.
Шаңғымен трамплиннен секіру. Ресми жаттығу сағат 16:00-де басталады. Ол бойынша қазақстандықтар Даниил Васильев, Сергей Ткаченко бастады.
Айта кетері, Қытай астанасы Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары басталды. Бұған дейін Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 1500 метрге жарысудан ерлер арасында жарыс өтті.
Бәсекеде қазақстандық Әділ Ғалиахметов те бақ сынаған болатын. 23 жастағы оралдық спортшы әлем мықтыларымен бір қатарда өнер көрсетіп, сегізінші орынға табан тіреді.