НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Алаяқтар ақылы түрде зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға өтініш рәсімдеуге көмек ұсынып жатыр. Олар өздерін БЖЗҚ қызметкерлері ретінде таныстырады.
Оларға отыз адам алданып қалған. Алаяқтар зейнетақы жинағның бір бөлігін пайдалануға өтінім беру кезінде көмек үшін 50 мың теңге сұраған.
Алайда бұл қызметті азаматтар онлайн платформа арқылы ақысыз жасай алады.
Сондай-ақ, БЖЗҚ зейнетақы жинағын кооператив сынды ұйымдар арқылы тұрғын үй сатып алуға пайдалануға болатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үйге және емделуге пайдалану мүмкіндігі уәкілетті операторлар арқылы тек электрондық форматта іске асырылады", – деп хабарлады қор.
Тұрғын үй сатып алуға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану жөніндегі уәкілетті операторлар: "Отбасы банк", "Қазақстан Халық банкі", Altyn bank, "Банк ЦентрКредит"және" банк Фридом Финанс Қазақстан ".
"Отбасы банк" емдеуге арналған жинақтарды пайдалану операторы.