Саясат

Тоқаев пен Путиннің 10 ақпанда нені талқылайтыны белгілі болды

Песков бұл өте маңызды кездесу екенін және Ресей оған қатты мән беріп отырғанын атап өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Ресей және Қазақстан президенттері Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев 10 ақпанда жақын аймақтағы жағдай мен қақтығыстарды талқылайды.
Кездесу қорытындысы бойынша БАҚ-қа мәлімдеме жасайды, деп хабарлады Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Кремль бейсенбі күні Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесетіні туралы хабарлаған болатын.
Ақпаратта екі елдің басшысы Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық әріптестік пен өзекті халықаралық мәселелерді талқылайтыны айтылған.
"Әрине, мемлекет басшылары жақын аймақтағы жағдай мен қақтығыстарға қатысты пікір алмасады," - деді Песков.
Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарына қорытынды мәлімдеме жасалады.
Песков бұл өте маңызды кездесу екенін және Ресей оған қатты мән беріп отырғанын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, президент Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысының 10-11 ақпанда Ресейге жұмыс сапарымен баратынын хабарлаған болатын.
Оның ақпаратына сәйкес, мемлекет басышысы алдымен Мәскеуде Ресей президентімен кездеседі, кейін Казань қаласына барады.