Қоғам

"ҚазМұнайГаздың" күзет қызметі наразылыққа шығуға дайын

Қазіргі күні "KMG-Security" ЖШС басшылығы мен "Қазмұнайгаз" өкілдері қызметкерлермен келіссөз жүргізіп жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. "KMG-Security" қызметкерлері жалақыны көтеруді және сыйақы төлеуді талап етті. Олай болмаған жағдайда қызметкерлер наразылыққа шығуға дайын.
"Қазмұнайгаз" еншілес компания қызметкерлері талабының тек бір бөлігін орындауға әзір.
3 ақпанда "KMG-Security" ЖШС қызметкерлері басшылық алдына үш талап қойған. Олар – жалақыны көтеру, жыл қорытындысына сәйкес сыйақы тағайындау мен әлеуметтік пакетті кеңейту.
"Ал KMG-Security" ЖШС қызметкерлерін "Қазмұнайгаз" штатына өткізуге келер болсақ, бұл заңдағы шектеулерге байланысты мүмкін емес", - деп хабарлады "Қазмұнайгаз" компаниясының баспасөз қызметі.
Ондағылар "Күзетшілік қызмет туралы" заңғы сілтеме жасап отыр. Оған сәйкес, өзге қызметпен айналысатын заңды тұлға өзінің штатында күзет құрылымын ұстай алмайды. Яғни ол нақты заңды талаптары мен шектеулері бар дербес заңды тұлға болуы шарт.
"Қазіргі күні "KMG-Security" ЖШС басшылығы мен "Қазмұнайгаз" өкілдері қызметкерлермен келіссөз жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Алматыда "Қазақтелеком" қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты