Әлем

Ер адам теледидар көріп отырып туған ағасы бар екенін біліп қалды

Ағайындылар бір-бірінен небәрі 50 шақырым жерде тұратын болып шықты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан - Sputnik. Америкалық Рэнди Уэйтс телеарнадан ауа райы болжамын көргеннен кейін ағасы бар екенін білді, деп жазады Daily Mirror.
Ол бағдарлама барысында сұхбат берген Эдди Уэйтс деген адамға назар аударған. Екеуі бір-біріне қатты ұқсаған. Ол қызын шақырып, теледидардағы адамды көрсетті. Қызы да әкесімен ұқсастығы бар екенін айтқан. Кейіннен ол бұл жағдайды анықтап, Эдди Уэйтс туған ағасы екенін білді.
Ағайындылар табысты, ал Рэнди әкесін алғаш рет көрді. Туыстар кездесіп, бір-бірімен жақынырақ танысқан.

"Бұл шындыққа жанаспайтын сияқты. Менің тек ағам ғана емес, білмейтін отбасым бар екен. Мұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, керемет", - деді Уэйтс журналистерге.

Оның үстіне ағайындылар бір-бірінен небәрі 50 шақырым жерде тұратын болып шықты.
Өңірлер
Қостанай облысының тумасы ағасын 23 жылдан кейін тапты