Видео

Қытайда Димаштың жаңа әнінің тұсауы кесілді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытай телеарналарының бірінде өнер көрсеткен сәтінен видео жариялады.
Sputnik
Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Димаш арнада тұсауы кесілген әннің атауын ғана жазған.
"CCTV түсірілімінде “ONLY YOU” әні", – деп жазды әнші.
Әннің атауы Элвис Преслидің Only You әнімен аттас.
Төрт минуттық видео Димаштың миллиондаған жанкүйерлерінің қолдауына ие болды.