Өңірлер

"Алматыда қызды арыққа лақтырып кетті" – жолда түсірілген жантүршігерлік видео

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Алматыда көліктердің бірінің жүргізушісі қызды арыққа лақтырып жібергені туралы ақпарат тарады.
Әлеуметтік желіде жарияланған видео қоғамда резонанс тудырды.
Кейінірек зардап шеккен адам қыз емес, мас жігіт екені белгілі болды. Бірақ бұл жағдай жүргізушіні жазадан құтқармайды.
"Біз жүргізуші арыққа лақтырып кеткен қызға қатысты біраз жайтты анықтадық. Бүгін Kris-P Almaty Сәтбаевта көлік қозғалысына кедергі келтірген ер адамның (алдын ала болжам бойынша мас) видеосын жариялады. Күртесіне қарағанда, бұл сол "қыз", - деп хабарлады Qumash telegram арнасы.
Айта кетері, жас жігіт медициналық көмекке жүгінбеген. Жолдағы қылығы үшін оған айыппұл салынды. Ал оны соққыға жыққан адамды полиция іздеп жатыр.