Экономика

"Cоңғы рет қайталаймын": мемлекет басшысы шенеуніктерге ескерту жасады

Тоқаев 1 мамырға дейін жұмысты аяқтап, нәтижесі туралы есеп беруді тапсырды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерге арендалық баспананы субсидиялау бағдарламасын тездетіп іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент арендалық тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы бір жыл бұрын іске қосылуға тиіс болғанын атап өтті. Бірақ шенеуніктердің баяулығынан жүздеген мың адам әлі күнге дейін осы қолдауға ие болған жоқ.
"Соңғы рет қайталап айтамын: бұл әлеуметтік бастама. Отбасы банк және цирфлық даму министрлігі цифрлық платформа құруы қажет. Оған субсидия алатын және баспанасын жалға беретін азаматтар тіркеледі. Адамдар әкімдік таңдап берген емес, өзі қалаған жерден баспана ала алады", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Айтуынша, мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтары үшін арендалық төлемнің елу пайызын өтейді. Ал отбасының қалған табысы білім, денсаулыққа жұмсалады.
Тоқаев 1 мамырға дейін осы жұмысты аяқтап, нәтижесі туралы есеп беруді тапсырды.
Баспананы жалға алу ақысын субсидиялауға қалай өтініш беруге болады