Өңірлер

Шығыс Қазақстанда алты жастағы бала кәріз құдығына түсіп кетті – видео

Кәріз құдығы әлі іске қосылмағандықтан, іші бос болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстанда алты жастағы бала кәріз құдығына түсіп кетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Баланың құдыққа түсіп кеткені туралы ақпарат 8 ақпанда түскі сағат екілер шамасында келіп түскен.
Оқиға Теректі ауданының Степной ауылында болды. Кәріз құдығы әлі іске қосылмағандықтан, іші бос болған.
Құтқарушылар баланы алып шықты. Ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
Қазір ол травматология бөлімшесінде жатыр. Оған бас ми-жарақаты диагнозы қойылды. Баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.