Экономика

Қазақстанда доллар арзандады

Қазақстан қор биржасында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы үш теңгеге жуық төмендеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстан қор биржасында (KASE) елорда уақытымен 15:30-да шетелдік валюталар сауда-саттығы жабылды.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, Қазақстанда доллар бағамы 428,5 теңгені құрады. Бір күн бұрын, 7 ақпанда доллар 431 теңге тұрған.
Қазір еуро бағамы 596,2 теңгеге тең. Рубль – 5,6 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пунктерінде долларды 429-430 теңгеге сатып алуға болады. Сату – 425-428 теңге.
Алматы мен Шымкенттің айырбастау пунктерінде де жағдай осыған ұқсас.
Экономика
Ұлттық банк төрағасы: цифрлық теңге пайда болады
Айта кетері, бұған дейін экономистер қаңтар оқиғаларынан кейін Қазақстанда доллар бағамы қатты өзгермейтінін айтты. Себебі бағамға ішкі ғана емес, сыртқы факторлар да ықпал етеді. Шетелдік валюта жарты жыл бойы қазіргі деңгейде болады деген болжам бар.