Қоғам

Желіде Қазақстан астанасы ауысатыны туралы жалған хабарлама тарады

Бұқаралық ақпарат құралдары астананы ауыстыру жайлы жаңалық жарияламаған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаев астананы Қостанайға ауыстыратыны жайлы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаев астананы Қостанайға көшіру туралы мәлімдеді деген ақпарат тарап жатыр. Бұл өтірік", - деп хабарлайды stopfake.kz.
Мамандар ресми дереккөздерде мұндай ақпарат жоқ екенін анықтады. Сондай-ақ елдің басты бұқаралық ақпарат құралдары мұндай жаңалық жарияламаған. Астананың ауысатыны жайлы мәлімдеме Ақорда сайтында да жоқ.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-аккаунтында бұл жайлы ештеңе жазбады. Қазақстан президенті баспасөз қызметінің Twitter-аккаунтында да ел астанасын Қостанайға көшіру туралы жаңалық жоқ.
"Демек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан астанасын Қостанайға ауыстыру туралы мәлімдемесі – фейк", - деп жазды портал.