Денсаулық

Тағы бір өңір коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймаққа өтті

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 004 жағдайы тіркелді
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 ақпан – Sputnik. Атырау облысы коронавирустың тарауы бойынша "қызыл" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті, деп хабарлады коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
"Сары" аймақта Атырау, Жамбыл облыстары тұр.
"Жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары бар.
Айта кетері, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 004 жағдайы тіркелді. Пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 276 611 адамға жетті.
Денсаулық
Коронавирустың шарықтау шегі ақпанның ортасына келеді – министрлік