Бейжің Олимпиадасы

Латвиялық спортшы Олимпиадада Абай әніне өнер көрсетті

Өз қойылымы үшін Денис Васильев 85,30 балл жинап, аралық көрсеткіште жетінші орынға табан тіреді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Латвиялық спортшы Денис Васильев қысқа қойылымында Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас" әніне өнер көрсетті, деп хабарлады Qazsport.
Өз қойылымы үшін Денис Васильев 85,30 балл жинап, аралық көрсеткіште жетінші орынға табан тіреді.
Бейсенбі, 10 ақпанда, Бейжің Олимпиадасында ерлер арасында еркін бағдарлама бойынша қойылымдар өтеді.
Қаңтардың соңында мәнерлеп сырғанау бойынша Еуропа чемпионатында Васильев қола жүлдеге ие болған. Бұл латвиялық спортшының мәнерлеп сырғанау мансабындағы үздік көрсеткіші.
Васильев үшін Бейжіңдегі Олимпиада мансабындағы екінші үздік қадам. Пхенчхан-2018 ойындарында ол 19-шы орынды иеленген болатын.