НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. “Көк төбе” телемұнарасы маңынан аңшылық қару табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Төңіректі кинолог- инспектор қызметтік итімен тексерген болатын. Олар бұталардың арасынан екі мылтық тапты.
Төңіректі кинолог- инспектор қызметтік итімен тексерген болатын. Олар бұталардың арасынан екі мылтық тапты.
"Табылған заттар дытергеу-жедел тобы тәркілеп, қарудың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-баллистикалық сараптамаға жіберді. Қару жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатқа пайдаланылған болуы да мүмкін", – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Сонымен қатар, полицияда заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берілетінін еске салды. Қару мен оқ-дәрілерді тапсырған адамдар, егер олардың қылмыс жасауға қатыстылығы анықталмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.