НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Алматыда әйел өзін ер адам ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы Б. есімді азаматша тұтқындалды.
Тергеу барысында ерлер киімін киген бойжеткен өзін Асан деп таныстырып, азаматтардың сеніміне кіргені анықталды.
Ол жоғары оқу орнына түсуге грант алуға және қолжетімді баспана рәсімдеуге көмектесуге уәде берген, сол үшін төлем алып отырған.
"Сыйақы мөлшері көрсетілген “қызметке” байланысты болды, орташа есеппен 90-нан 800 мың теңгеге дейін. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге 11 өтініш келіп түсті. Күдіктіге қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – дейді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Ақшаны алғаннан кейін күдікті жасырынған.
Б.есімді азаматшаның әрекетінен зардап шеккен азаматтар полицияға мына телефон нөмірлері бойынша хабарласа алады: 227-55-02; 8-702-448-63-37.