Қоғам

Тоқаев наурыздың ортасында халыққа үндеу жасайды

Бұл үндеуде реформалардың негізгі бағыттары айқындалады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында халыққа үндеу жолдайды, деп хабароады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні өткен мәжіліс отырысында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен арадағы диалог негізінде саяси реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді деп мәлімдеген болатын. Осыған байланысты мемлекет басшысы наурыз айының ортасында халыққа үндеу жариялауды жоспарлап отыр", - деді ол.
Бұл үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады.
Оқи отырыңыз: Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ны басқармайды – Тоқаев заңға қол қойды