Білім

Қазақстанда жаңа мереке пайда болады

Қазан айында қазақстандықтар тағы бір мерекені атап өтеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстанның мерекелік күндер тізбесі Кітапханашы күнімен толығады. Мәдениет және спорт министрлігі үкімет қаулысының жобасын әзірледі.
Мәдениет министрлігі 22 қазанда Кітапханашы күнін атап өтуді ұсынып отыр.
Жоба мақсаты – кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 18 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін жарияланған.