НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан - Sputnik. Елордада бір тәулік ішінде 366 адамда алғаш рет коронавирус диагнозы расталды. Оның ішінде 270 симптоматикалық, 96 - асимптоматикалық, деп хабарлады қаланың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.
Соңғы аптада 4 409 адамнан COVID-19 анықталды. Өткен аптамен салыстырғанда (13 627 жағдай) 3 есеге аз. Жыл басынан бері 282 114 тест жасалды, оның 83 351-і - оң.
Қаңтар айының басынан 7 ақпанға дейін коронавирустың 83 067 жағдайы тіркелді. Бұл пандемия кезіндегі рекордтық айлық көрсеткіш.
Бейсенова пациенттерді стационарға жатқызу айтарлықтай қалыпты екенін атап өтті. Бұл, ең алдымен, вакцина алған тұрғындар мен ауруға шалдыққан, яғни иммунитеті барлар үлесінің көп болуына байланысты. Қазір олар бұл толқыннан оңай өтіп жатыр.
Нұр-Сұлтанда қанша адам вакцина салдырды
Елордада бірінші компонентті 502 318 адам алды. Ал 469 602 тұрғын екі компонентті де салдырды. 69 077 адам қайта вакцинацияланды (қайта вакцинациялауға тиістілердің 28,2%).
Ревакцинация үшін бес вакцина ұсынылған:
1.
QazVac2.
"Спутник V"3.
"Спутник Лайт"4.
Vero Cell5.
Pfizer - кейбір санаттағы адамдар үшін.