Саясат

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА-ны басқармайды – Тоқаев заңға қол қойды

Сондай-ақ енді Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына қатысты бастамалар Елбасымен келісілмейді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халық Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығынан айыратын заңнамалық түзетулерге қол қойды.
Сондай-ақ енді Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына қатысты бастамалар Елбасымен келісілмейді.
Мұндай нормалар "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңда қарастырылған.
ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының өкілеттіктері Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.
Дегенмен Назарбаев ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде парламент пен оның палаталары алдында, үкімет отырыстарында сөз сөйлеуге құқылы.
Сондай-ақ Елбасы Конституциялық кеңес құрамына кіре алады.