КӨКШЕТАУ, 7 ақпан – Sputnik. Ақмола полицейлері жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қызды іздеп тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
6 ақпанда Көкшетау полициясының кезекші бөліміне 39 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, сол күні кешкі сағат 18.00-де 2008 жылы туған кәмелетке толмаған қызы үйден шығып кетіп, жоғалып кеткенін айтқан.
"Полиция департаментінің, оның аумақтық бөлімшелерінің және оған қарасты күштердің барлық жеке құрамы жоғалған қызды іздеуге жұмылдырылды. Іздестіру шаралары адам көп жиналатын орындарда, сауда үйлері мен базарлардың, қонақүйлердің, қараусыз қалған ғимараттардың аумақтарында жүргізілді", - деп хабарлады ведомство.
Дүйсенбі күні қыздың аман-есен табылғаны белгілі болды.