НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Алматы облысында құтқарушылар Іле Алатауында жарақат алған туристі құтқарды.
"6 ақпанда сағат 14.35-те республикалық жедел-құтқару жасағының кезекшісіне 2002 жылы туған азаматтың Талғар асуынан түсіп, Богданович мұздығына қарай бағыт алған кезде құлап, өздгінен жүре алмайтыны туралы хабарлама түсті. Оның жанында таныс бойжеткен болды. 8 құтқарушы, оның ішінде бір кинологиялық топ Іле Алатауына дереу аттанды", - делінген ақпаратта.
Сағат 16.05-те құтқарушылар Богданович мұздығына барар жол аумағынан ер адамды тапты. Зардап шеккен адамның аяғы жарақаттанғандықтан, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Құтқарушы топ зардап шеккен адамды Медеуге дейін тасымалдады. Ол жерде оны туыстары күтіп тұрды.