Қаңтар оқиғасы

Алматыда қонақ үйден жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған заттар табылды

Күдіктілердің қаңтар оқиғалары кезіндегі тонаушылық фактілеріне қатысы болуы мүмкін
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Алматыда қонақ үйлердің бірінен жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған заттар табылды.
Дәлірек айтқанда, 22 ұялы телефон, 3 пышақ және есірткіге ұқсас зат оралған түйіншек тәркіленді.
Алматы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетовтің айтуынша, үш күдікті ұсталды, олардың біреуі – әйел.
Күдіктілер жаппай тәртіпсіздіктерден кейін бірден қонақ үйден бөлме жалдаған.
Тергеу нұсқасы бойынша, пышақтар 5-6 қаңтарда тоналған қару-жарақ дүкендеріне тиесілі болуы мүмкін. Ал маркасы әртүрлі 22 ұялы телефон да электроника дүкендерінен ұрланды деген болжам бар.
Өңірлер
Алматыда мемлекеттік музей жанынан қару-жарақ арсеналы табылды – видео
Бұған қоса, ашық түсті және өзіндік исі бар ұнтақ оралған полиэтилен түйіншек табылды. Оның не екенін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.