Әлем

Сегізінші қабаттан құлаған әйел өзі тұрып, үйіне кіріп кетті – видео

Қазіргі кезде ол жансақтау бөлімінде жатыр. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Якутск қаласының тұрғыны сегізінші қабаттан құлап, аман қалды, деп хабарлады РИА Новости.
Әлеуметтік желіде жоғары қабаттан құлаған әйелдің видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, ол өзі тұрып, үйіне қайта кірген. Сосын дәрігер шақырған.
Ресейдің Саха Республикасы бойынша тергеу басқармасы тексеріс жұмыстарын бастады.
"1991 жылы туған әйелдің Бестужев-Марлинский көшесіндегі үйдің сегізінші қабатынан құлауына байланысты процессуалдық тексеріс басталды. Қазіргі кезде ол жансақтау бөлімінде жатыр. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтайды. Соның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады ", - дейді басқарма басшысының көмекшісі Надежда Дворецкая.
30 жастағы әйел құлап бара жатып, электр сымдарына ілініп қалған. Сосын омбыға қарға түскен.
Аймақтық денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, жоғары қабаттан құлаған әйелдің жағдайы ауыр. Жамбас сүйегіне зақым тиген.